«Nadzieja» поляк қауымының бұл дәстүрлі мерекелері осы этномәдени бірлестіктің 20 жылдығына орай өткізілді.
Айта кетсек, Қостанай облысына поляк этносының өкілдері қуғын-сүргін жылдары келді. Жергілікті өлкетанушы, тарих ғылымының докторы, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры Легкий Дмитрий Максимовичпен Қостанай облысына поляктардың жер аударып келуі туралы зор зерттеу жұмысы жүргізілген болатын. 2016 жылы Қазақстанға поляктардың жер аударып келуіне 80 жыл толуына орай республикалық шығармашылық байқауда Легкийдің кітабы үздік болып танылып, авторға бірінші орын берілді.
- Мен поляктардың жер аударып келуі туралы ғана емес, сондай-ақ жергілікті мұрағаттан генерал Андерстың біздің облысымызда құрылған атақты Поляк армиясы туралы іздестіріп кітап жаздым, - дейді тарихшы. Бұл дерек 21-ші ғасырға дейін, Польша елінен бірінші рет Қостанай облысына бес мың, содан кейін үш мың поляктарды әкелгені сияқты әскери құпия болып келген. Қазіргі уақытта өңірде 1,5 мың поляк тұрып жатыр.
«Nadzieja» поляк этномәдени бірлестігі 1997 жылғы 27 мамырда Ромуальда Стефановна Гицевичтің бастамасы бойынша құрылды. Мәдениет қызметкері, мамандығы бойынша режиссер-қоюшы осы қауымның басында тұрып, көптеген жылдар бойы осы этномәдени бірлестікке басшылық жасап келді. Поляк тілін жетік білгендіктен Ромуальда Стефановна жексенбілік мектепте сабақ беріп жүрді. Кейінірек оның бастамасын Ирина Гвоздецкая жалғастырып, бүгінгі күнге дейін тілді үйренемін деген барлық азаматтарға сабақ беріп келеді. 2012 жылғы қыркүйек айында қауымды Виктор Радомский басшылыққа алды.
- Осы жиырма жыл ішінде қауым мүшелері көптеген игі істер атқарды: жексенбілік мектеп ашты, Польша елшілігімен тығыз байланысты орнатты, тұрақты түрде жалғыз басты аналарға көмек көрсетті. Этномәдени бірлестіктің мүшелері өзінің мәдениетін, салт-дәстүрін, сондай-ақ көпұлтты Қазақстан халқының этносаралық бірлігін және конфессияаралық келісімін сақтау басты міндет деп санайды. Сіздің қауымыңыз өсіп-өркендеп, еңбектеріңіз мерейлі болсын деп, - өз сөзінде облыстық Достық үйі басшысының орынбасары Алпыс Қожахметов айтып кетті.
Мерекелік концертте қауым белсенділері Елена және Анжелика Завацкой, Екатерина Пономареваның орындауындағы поляк өлеңдері айтылмай, сонымен қатар облыстық Достық үйінің өзге қауымдары өкілдерінің әндері орындалды. Өздерінің аспаптық нөмірлерін көрермендерге скрипкашы Екатерина Поддубная және флейта ойнаушы Максим Гольцварт сыйлады.
- Біздің қауымымыз үлкен болмағанымен, біз өңірдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуға тырысамыз деп, - Виктор Радомский атап кетті. – 2015 жылы облыстық Достық үйінде Дмитрий Легкийдің іздеп тапқан мұрағаттық құжаттары негізінде «1941-1943 жылдар аралығында Қазақстандағы поляк дипломаттары» көркем көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені көруге Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елші Мачей Ланга қатысты. Сөзсіз, көп жылдар ішінде біз қазақ халқының және оның тарихының ажырамас бір бөлігі болдық.
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі