Қостанайлық жас өрендер Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының финалистері атанды.
Тіл білгірлерін марапаттау рәсімі 16 қарашада Нұр-Сұлтан қаласындағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өтті.
Қостанай облысының Білім бөліміне қарасты Совхозный орта мектебінің оқушысы Эльвира Новицкая «Өнер алды – Қызыл тіл» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Рудный қаласындағы Б. Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясының оқушысы Марк Ли жоғары дәреже көрсетіп, «Өнерлі өрге жүзер» номинациясы бойынша марапатталды.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі, «Қарабалық ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ басшысының міндетін атқарушы Ерлан Әбілов «Тіл мектебінің ұстазы» номинациясы бойынша марапатталды.
Іс-шараға этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, шығармашылық жұмыспен айналысатын тұлғалар, ғалымдар, жоба жеңімпаздары, мемлекеттік тілді меңгерту ісін үйлестіретін әдіскерлер жастар ұйымының белсенді мүшелері, блогерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.