Chania
1099
12.02.2016
Ассамблея мерейгерді құттықтады!

Қостанай облысы орыс қауымының төрағасы, ҚХА мүшесі, облыстық орыс драма театрының директоры Юрий Ивлев өзінің 55-жасын атап өтті. Ол өзінің туған күнін театралдық сахна үстінде басты кейіпкер рөлінде өткізді.  Мерейгер қалжындап, би билеп, шағын-рөлдерді орындап, сондай-ақ Марк Бернестің «Я люблю тебя жизнь!» әнін орындап берді. .

Юрия Ивановичті құттықтауға облыстың атақты адамдары, әріптестері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері келді.

Сахнаға бірінші мәдениет басқармасының басшысы Лариса Сероус көтерілді, ол орыс драма теары ерекше даму және жетістік жолында деп атап өтті, мысалға былтыр Қазақстаннан бірінші болып Израиль еліне біздің әртістер барды. Лариса Александровна мерейгерге облыс әкімінің  - «театралдық өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» грамотасын ұсынды. Челябі әкімшілігі атынан Евгений Тефтелев алғыс хат алып келді және Ивлевтің екі облыстың мәдени аралық қатынастарын нығайтуға қосқан үлкен жұмысын атап өтті.

ОҚХА өкілдері туған күн иесіне ұзақ өмір, отбасылық бақыт және денсаулық тілеп қамшы және домбыра сыйлады.

Өзгеше бір тума сыйлықты Қостанай облысы Суретшілер одағының төрағасы Вадим Быковтан алды, ол мерейгердің портреті салынған суретті табыс етті.

Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Жанболат Үмбетов Юрий Ивановичтің өңірде мемлекеттік тілді білуге ұлты қазақ емес ұлттар арасында конкурс ұйымдастыру бойынша жұмысты алға қрйғанын атап өтті.
-Орыс қауымы өзінің  Наталья Шпагина, Евгений Дадаров, Денис Скороходов, Алла Гаврина, Эльвира Иванова секілді өкілдерін мақтан ете алады. Олар мемлекеттік тілді білуге республикалық конкурстарында бірінші орындарды және Гран-при алды.


«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі