Chania
350
08.10.2021
ҚХА байланыс орнатады

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл жасауға жаңа бағыт алды.
Кеше этномәдени бірлестіктер мен ішкі саясат, білім беру, тілдерді дамыту және дін істері басқармалары өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.


Пандемия мен карантиндік шаралар барлық мемлекеттік құрылымдардың жұмысына белгілі бір түзетулер енгізді. Мысалы, шектеулер кезінде бірнеше тілдік үйірмелер жұмысын тоқтатты. Этномәдени бірлестіктер жексенбілік мектептердің жұмысын қалпына келтіруге көмектесуге уәде берді.
Кездесуде жастарға ерекше көңіл бөлінді. Барлық қатысушылар оқушылармен және студенттермен жұмысты жандандыру қажеттілігі туралы атап өтті.
Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктер дін істері басқармасымен және білім басқармасымен белсенді жұмыс жүргізуге келісті.