Бүгінгі рубрика кейіпкері- жас маман, ұстаз, тәуелсіздік құрдасы Абишев Алмас Эрланович.
21 маусым 1991 жылы Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылында дүниеге келген. Қазіргі кезде отбасы құрған, жаңа баспанасы мен жаңа көлігі бар жігіттердің бірі болып отыр.
Ал жұбайы– Абишева Бөпежан Даулетовна. Өте ақылды, сымбатты, инабатты жары жолдасын үнемі қолдауда. Ол тарих пәнінің мұғалімі. Екі ұл баласы бар. Олар: Әлмансұр- 5 жаста, Әмір – 1 жаста. Ата- анасы балаларға өңегелі тәрбие беріп отыр.
Білімді ұстаз Алмас Эрланович 2009-2013 жылдары аралығында жоғары Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтында информатика мамандығы бойынша оқып бітірген.
Ал екінші ЖОО-дан кейінгі білімі – техникалық ғылымдар магистрі. 2018-2020 жылдары аралығында мемлекеттік Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетінде грант бойынша оқып бітірген .
Студентік шақта Алмас белсенді, еңбекқор студент болып көзге түскен. Сонымен қоса 3 жылдай жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы «Жасыл ел» сарбаздары қатарында болып, өңіріміздің көркейуіне және гүлденуіне зор үлес қосты.
Оқуын аяқтап жас маман өз мектебіне ұстаздық жолын таңдап жұмысқа орналасты. 15 тамыз 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Тобыл қаласының Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы» ММ-де информатика пәні мұғалімі болып жұмыс істейді. Педагогикалық үзіліссіз өтілі – 7 жыл, санаты – педагог-зерттеуші. «Робот техникасы», «Орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде біліктілікті арттыру курсы», «Үштілділік білім беру аясында мұғалімдердің пәндік және тілдік-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру», «Қосымша білім беруде балалардың әлеуметтік-тұлғалық дамуы (әскери-патриоттық тәрбие, балалар қоғамдық қозғалысы)» атты біліктілікті арттыру курстарын өтіп оқушыларга сапалы білім беруде. Қазіргі таңда мектеп қабырғасында робот техникасы үйірмесін, сонымен қатар информатика пәнін ағылшын тілінде өткізіп, үйретіп жүрген мұғалімдер қатарында еңбек жасайды. 2020 жылдан бастап, пән бойынша жас педагогтардың тәлімгері атанды және студенттердің жұмыстарына рецензия жазу құқығына ие болды. Ол деген үлкен кәсіби жетістік және әріптестердің арасындағы абыройы деп айтуға болады. Бар аталған дәрежелер- адал еңбектің нәтижесі.
Алмас Эрланович, информатика пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинарда, өз тәжірибесімен бөлісу аясында шебер-сынып көрсетті. «Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндерін оқыту практикасына үштілділікті енгізу мәселелері, олардың шешімін табу жолдары» тақырыбын талдап облыстық семинарында TED форматында сөз сөйлеп тезистерін қатысушыларға дәлелдеп ұсынды. Сонымен қатар үнемі аудандық, облыстық газет беттерінде мақалаларын жариялап отырады.
Қостанай ауданында робот техникасы бағытын дамытып келе жатқан педагогтар қатарында ерекше орны бар екенін келесі жетістіктері көрсетеді: Яғни, Алмас Эрлановичтың шәкірттері Қостанай ауданы бойынша робототехника жарысы бойынша 1 орын, Роботты техника бойынша облыстық олимпиада бойынша 1 орын, «KazRobotics-2019» робототехника бойынша облыстық іріктеу кезеңінде Робосумо категориясында 2 орын, - «KazRobotics-2019» робототехника бойынша облыстық іріктеу кезеңінде Гонка по линии категориясында 3 орынға ие болды. Сондай-ақ, шәкірттері облыстық мультимедиалық жобалар фестивалінде 3 орын, «Bebras-2018» информатика және компьютерлік ойлау бойынша халықаралық ойын-конкурста 3 орынға ие болды. Қостанай ауданында робот техникасын жетілдіру мақсатында қосымша екі робот-конструкторды өз қаражатына сатып алып балаларға білім беруде.
Шәкірттерімнің жетістіктері мен білім беру саласындағы ерең еңбегі үшін келесі марапаттарға ие болған:
2018 жылы- информатикадан 3-11 сынып оқушылары арасында «Bebras» халықаралық интеллектуалдық конкурсына жеңімпаздар мен жүлдегерлер дайындағаны үшін мадақтама;
2019 жылы -облыстық мультимедиалық жобалар фестивалі, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы» алғыс хаты;
2019 жылы- «KazRobotics-2019» педагог-тренер ретінде облыстық іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін алғыс хаты;
2019 жылы- Қостанай ауданы әкімінің грамотасы;
2020 жылы – Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының құрмет грамотасы.
Ал өз жеке жетістіктері:
2016 жылы – «Интеллектуал» мұғалімдер арасындағы олимпиадасы, 1 орын, диплом, «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы;
2018 жылы – КИО информатика пәні бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиада, 1 орын аудан бойынша;
2019 жылы – Аудандық ІТ-технологиялар сайысы, 1 орын;
2020 жылы – «Білім беру жүйесіндегі бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің маңыздылығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, 1 орын;
2020 жылы – «Білім беру ісінің үздік педагогы - 2020» атты республикалық байқауы, 1 орын.
Абишев Алмас Эрланович- тәуелсіздік құрдасы. Біраз жетістіктерге қол жеткізді. Ал көбі алда деп сенеміз. Әрине, өмір алда, болашақ алда, жетістіктер алда... Жас отбасына тек қана сәттілік, денсаулық, құт- береке мен ақ жол! Жарайсың, жас маман! Алға, жас жігіт, ардақты әке, еңбекқор азамат!!!
Кишкинтаева Айтжан Амангольдовна,
ҚХОА Аналар кеңесінің мүшесі