Chania
449
21.07.2021
Қасиетті мерекедегі игі іс

«Ұлы дала ұрпақтары Қостанай» ҚБ белсенділері Құрбан айт мерекесі аясында төрт мұқтаж жанұяны етпен қамтамасыз етті.

Бірлестік мүшелері қайырымдылық акцияларын жиі ұйымдастырады, ағымдағы жылдың маусым айында қоғамдастық мүшелері  облыстық балалар ауруханасының жанындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту бөлімшесіне қажетті заттар ұсынып, қолдау көрсеткен болатын.

Бұл жолы бірлестіктің белсенді мүшелері ұлық мерекенің құрметіне орай құрбандыққа шалынған қойдың етін мұқтаж жанұяларға таратуды жөн санады.

 Садақа беру – жақсылық пен береке бастауы. Көмекке душар жандарға садақа беру арқылы адам өзін бәле-жаладан, ауру мен келер апаттан қорғайды.