Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында
Облыс әкімінің орынбасары - Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Б.А. Есімова этномәдени бірлестіктер мен консультативтік-кеңесші органдардың өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
Қоғамның әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешудегі этномәдени бірлестіктердің рөлі;
ҚХА 29 сессиясында қойылған міндеттерді іске асыру;
Халықпен атаулы жұмысты ұйымдастыру;
Ұрпақтар сабақтастығы.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жақын арада көретін жаңа бірлескен жобаларды ұсынды.