Мемлекет басшысы Ассамблея бұрын-соңды еш елде болмаған бірегей құрылым екендігін, басқа елдер де біздің үлгіміз бойынша түрлі ұлт өкілдерінің басын қосатын осындай ұйым құруды бастағанын атап өтті.
Шынымен де бірнеше ұлт пен ұлыстың басын қосатын ұйым басқа елдерде болған жоқ. Бұл Қазақстан халқының бірлігінің арқасы. Мемлекетіміз 30 жылдың ішінде ынтымағы мығым, берекесі бекем, іргелі мемлекетке айналды. Рас, осы жылдар аралығында мақтан тұтарлық жетістіктерге жеттік. Бірнеше ұлттың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыру оңай шаруа емес. «Әсіресе, коронавирус дерті қыспаққа алған күрделі кезеңде халқымыздың алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін біз бәріміз бір ел, бір ұлт болып жұмылуымыз керек.
Ассамблеяның да алдында жаңа міндеттер тұр. Татулық пен келісім саясатын жалғастырып, дамыта түсу баршамыздың ортақ парызымыз. Себебі бүгіндей алмағайып заманда кез келген сынаққа төтеп беру үшін бірлігіміз әрдайым бекем болуға тиіс»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы қастерлі тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында Ассамблея халықтың талап-тілектерін орындауға бағытталған нақты жобаларды жүзеге асыруға айрықша мән беруі міндет екендігін баса айтты. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА төрағасы лауазымынан бас тартты. ҚХА Төрағасы лауазымы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырылды. Менің ойымша, бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. Елбасы төрағалық міндеттен босағанмен, әлі де халықтың әл-ауқатын арттыру мен ұлт-ұлыстардың татулығын нық ұстау жолында аянбай тер төге беретініне сенімдімін.
Ринад БЕКТЕМІРОВ, «Дуслық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің Қостанай облысындағы төрағасы.
Ақпарат мына сайттан алынды: http://www.kostanaytany.kz