Chania
504
01.04.2021
Жүректен жүрекке

«Шарк» тәжік-өзбек этномәдени бірлестігі «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық іс-шара өткізді.

Қауымдастық мүшелері отбасылық үлгісіндегі «Жанұя» балалар ауылының 10 тәрбиеленушісіне Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында  көктемгі киім сыйлады.

«Біздің қауымдастық 15 жылдан астам уақыттан бері балалар ауылына қамқорлық жасап келеді, бірлестіктің белсенді мүшелері жылына екі рет балаларды көкөністермен, жеміс-жидектермен және қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Бұл жолы қауымдастық мүшелері киім дүкенінің ашылуына байланысты балаларды көктемге арналған киіммен қамтуды ұйғарды. Балалар тез өседі, сондықтан қосымша аяқ киім мен сыртқы киім әрқашан сұранысқа ие болады», - дейді этномәдени бірлестіктің төрағасы Эргашвой Холметов.

Жас өрендер спорттық аяқ киіммен, желбегейлермен, шалбарлармен қамтамасыз етіліп, нағыз өзбек палауынан дәм татты.