8 наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Құрметті ханымдар! Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аруларды шұғылалы көктемнің шуақты мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!
Әйел - ана, әйел - өмір, әйел - жыр! Барлық тіршіліктің бастауы, қайнар көзі. Бұл айтулы күнді туған-туысқандарыңыз, жақындарыңыз, достарыңыз бен балаларыңыздың арасында шат-шадыман көңіл күйде қарсы алуларыңызға тілектеспіз.
Шаңырақтарыңызға бақ-береке дарып, құт орнасын! Сіздерге зор денсаулық, мол табыс, өмірдің бар жақсылығын тілейміз!