Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы Алғыс айту күніне орай бірқатар мерекелік іс-шара арнайды.
«Алғыс күніне арналған үздік логотип» және «Алғыс әуені» сынды екі байқау ұйымдастырылды. Іс-шараларға облыстағы мектеп оқушылары қатысты, 100-ден астам логотип және 20 авторлық туынды қабылданды.
Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады, жас дарындар ертең марапатталатын болады.
Ағымдағы жылдың 26 ақпанында этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттары «Біздің қанымыз бір» акциясын өткізуге бастамашылық етуде. Облыстық Ассамблея ұжымы қан тапсыруға ниетті азаматтарды Қостанай қ. Быковский көшесі, 4а мекенжайы бойынша орналасқан «Қан орталығына» (сағат 8:00) шақырады.
Сондай ақ, 26 ақпан күні «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері жалғыз басты қариялардың аулаларын тазартуға көмектеседі. Біздің қатарымызға қосылғыңыз келсе, мархабат.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері 22 ақпаннан бастап «Туған елге мың алғыс!» республикалық челленджіне қатысуда, іс-шара 5 наурызға дейін жалғаспақ.
1 наурыз күні барлық әлеуметтік желілер арқылы Алғыс айту күніне арналған онлайн концерт көрсетіледі. Бағдарлама аясында Сіз бен біз Қазақстанға еріксіз қоныс аударған жанұялардың тарихымен танысамыз.
Бізбен бірге болыңыздар!