Елордадағы бейбітшілік пен келісім сарайында өткен іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттарды сайлауға арналған болатын.
Сессия жұмысына республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен шығармашылық саласының зиялы қауым өкілдері, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық байқаушылар және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараға Қостанай облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттарды сайлады.