Біздің аспаздық онлайн-жобамыз жалғасуда және бүгін Сіз бен бізді Қостанай облысы Орынбор казактары қауымдастығының белсенді мүшесі Валентина Сухомлина казак халқының бәліші - курниктің әзірлену жолымен таныстырады.
Қажетті өнімдер:
- сары май – 250 гр.
- айран - 250 мл.
- ұн
- ас содасы – 1 шай қасық
- қартоп
- пияз
- тауық еті
Әзірленуі:
Айран мен ас содасын араластыру қажет, көпіршіктер пайда болған кезде ұн мен еріген сары майды, дәміне қарай тұз қосып, жұмсақ қамыр илеп, тоңазытқышқа 20 минутқа салу керек. Қартоп пен тауық етін текшелеп турап, пиязды жарты шеңберлеп турап, дәміне қарай тұз, бұрыш себу қажет. Қамырды екіге бөлу керек. Қамырдың үлкен бөлігін алып, пештің табасына жайып, ішіне салмасын тегістеп салу қажет, содан соң қамырдың екінші бөлігімен жауып, шетін өріп, бекітіп шығу керек. Бәліш 240-250 градус температурада 40 минут пісуі қажет.
Асыңыз дәмді болсын!