Chania
481
08.12.2020
Талапты ерге нұр жауар!

«Бірлік» әзірбайжан қауымдастығы жастар қанатының белсенді мүшесі Рагиф Зейналов республикалық ғылыми жобалар байқауында үшінші орынға ие болды.
«Менің зерттеу жұмысым этномәдениеттану тақырыбына арналған. Бұл тақырып мен үшін өте қызық. Байқаудың алғашқы қалалық кезеңінде екінші орынды иелендім, облыстық кезеңнен де сүрінбей өттім. Республикалық кезеңде  ІІІ орынға ие болып, мақсатыма жеттім. Ғылыми жетекшілерім: тарих пәнінің мұғалімі Науменко Ирина Яковлевнаға және ғылыми кеңесші Шалғымбеков Айбек Батырханұлына зор алғысымды білдіремін», - дейді А.М. Горький атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы.
Іс-шараға қостанайлық 40 оқушы қатысты. Жас өрендер 11 қола және 6 күміс жүлдені қанжығаларына байлады.