Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының қорытынды отырысының аясында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің жанындағы П.И. Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының директоры Ә.Табұлденов ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы болып сайланды.
Іс-шара барысында 2020 жыл қорытындыланды, сондай-ақ Қостанай аумағындағы этносаралық қатынастар саласындағы мәселелер қарастырылып, Президенттің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы талқыланды.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық институттарының еліміздегі тұрақтылықты нығайтуға бағытталған жұмысы маңызды және халық тарапынан жоғары бағаға ие», - дейді А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Денис Качеев.
Іс-шара соңына қарай ғылыми-сараптамалық топ мүшелері 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітіп, этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған іс-шараларды айқындады.