Chania
456
28.11.2020
Құрметті Көпей Абдрахманқызы!

Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, Ұлы Дала Елінің ұлттық рухани құндылықтарын көпшілікке тарату мен насихаттауға, Қазақстан халқының этносаралық бірлігін нығайтуға қосып жүрген зор үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз! 
Сіз денсаулық саласында көп жылдар бойы өнегелі еңбек етіп, өз мамандығын жете меңгерген, қызметтестері алдында ерекше беделге ие болған жансыз. Жинаған тәжірибеңізді тәлімгер және ақылшы ретінде кейінгі жастарға жеткізуден жалықпайсыз. Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел - қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіреміз.
Сіздің еңбекқорлығыңызды, табандылығыңызды, адамгершілігіңіз бен жауапкершілігіңізді және отан сүйгіштігіңізді мақтан тұтамыз!

Зор денсаулық, отбасыңызға амандық,
қажымас қайрат, тау суындай сарқылмас бақыт тілейміз!


Ізгі ниетпен, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы, Облыстық Аналар кеңесі.