Қостанай жерінде Ұлы даланың алғашқы ұстазына ескерткіш қойылды. Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері облыс әкімі Архимед Бегежанұлының қатысуымен өткен ескерткіштің ашылу салтанатында қазақ халқының ұлы ағартушысы, этнограф Ыбырай Алтынсаринді еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
«Ыбырай Алтынсарин қазақ балалары үшін алғашқы мектеп пен училищелерді ашып, білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаған кемеңгер ойшыл. 1884 жылы орыс сыныптарын ашып, арнайы қоныс аударушылардың балаларының (20 топ) білім алуына жағдай жасаған. Ы. Алтынсарин бар күш-жігері мен талантын қазақ халқының санасын серпілтіп, оқу-ағартуға арнаған, сапалы білім мен саналы тәрбиенің жарқын болашақтың кепілі екендігін айқындаған көрнекті тұлға», - дейді «Ұлы дала ұрпақтары Қостанай» ҚБ төрағасы Қалқаман Жақып.