Бүгін Сіз бен Бізге «Ұлы дала ұрпақтары Қостанай» ҚБ төрағасының орынбасары Гүлжәмилә Сүндетбаева қазақ халқының ұлттық тағамы сары алтындай бауырсақ дайындауды үйрететін болады.
Бауырсақ әзірлеу үшін:
300 мл. сүт;
300 мл. газдалған су;
1 шай қасық тұз;
2 шай қасық қант;
2 шай қасық ашытқы
2-3 қасық өсімдік майы;
Ұн (қажетінше) керек.
Сүтке ашытқы, тұз, қант, өсімдік майын қосып, араластыру қажет, содан соң газдалған су құйып былғаған жөн, кейін ұн сеуіп, қамыр илеу керек, қамырды 40-45 минутқа жылы жерге қойған дұрыс, қамыр көтерілгеннен кейін оны жайып, бауырсақ кесу қажет. Бауырсақ дөңгелек болу үшін жайылған қамырды стақанмен, кесемен кесуге болады. Қазандағы майды қыздырып, әрбір бауырсақты 5-7 минут пісіру керек.
Астарыңыз дәмді болсын!