Chania
440
12.10.2020
Достық Аллеясына жаңа көшеттер отырғызылды

Этномәдени бірлестіктердің мүшелері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған саябаққа 25 көшет отырғызды. Олар былтыр отырғызған алпыс шыбықтың жиырмасы ғана жайқалып өсіп тұрғанын көріп, тағы да көшет отырғызуды жөн көрді. 
«Былтыр арамыздан кеткен орынбор казактары қауымдастығының атаманы Виктор Чемпаловтың ұсынысына сәйкес этномәдени бірлестіктер мүшелерінің балалары көшеттерді баптайды, балалар ата-аналарымен бірге жасыл желектерге күтім жасайды, нәтижесінде бұл алқап ақ қайыңдармен  көмкерілетін болады», - дейді корей қауымдастығы төрағасының орынбасары Ульяна Ким. 
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, ерлер шұңқыр қазса, әйелдер мен балалар көшеттерді отырғызып, оларды Тобыл өзенінің суымен суарды. «Ағаш ек, гүл ек – туған жерді түлет» деген ұстанымды берік ұстанған азаматтардың игі ісі баршаға үлгі.