1 қазанды біз жылы және жүрекжарды мереке ретінде атап өтіп, қарттарға деген жылылықты сезінеміз. Бұл күні бәріміз сіздерді қастерлеп, құрмет көрсетіп жатамыз, десек-те бұндай құрмет сіздердің ерен еңбектеріңіз бен адамгергершілік және даналық қасиеттеріңіздің қасында азғантай ғана үлесіміз болып табылады. Аға буындар және бүгінгі ұрпақтарыңыз сіздердіңтеңдесі жоқ ерлік істеріңіз бен отансүйгіштіктеріңді мақтан етеміз. Біз бүгін қолданып жүргендердің барлығы, бейбіт уақытта жұмыс істеген зауыттар мен көрікті қалалар сіздердің қолдарыңызбен салынғандығын мақтан етеміз. Соғыс жылдарында да барлық қиындықтарға төтеп беріп, оқ пен оттың ортасында қан кешіп, бейбіт күн үшін күрестіңіздер.
Құрметті ардагерлер! Сіздердің бойларыңыздағы өмірге деген шексіз белсенділік, ерік-жігер бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болып табылады. Сіздердің көпшілігіңіз өз жастарыңызға қарамастан өскелең ұрпақты тәрбиелеуде белсенділік көрсетіп, еңбек еттіңіздер. Біз сіздердің бай тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз. Бүгін ерен еңбектеріңіз бен шыдамдылық пен төзімділіктеріңізге алғыз білдіреміз. Сіздерге баянды бақыт, мәнді өмір, зорденсаулық пен амандық тілейміз, жақындарыңыздың өздеріңізге деген сарқылмас сүйікпеншілігі мен мақтаныш сезімі арта берсін.