Chania
416
23.09.2020
«ҚХА-мен бірге ас әзірлейміз» жобасы: түрік халқының пиццасы - лахмаджун

Біздің аспаздық онлайн-жобамыз жалғасуда, бүгін Сіз бен Бізді «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Айсель Гумбатова түрік халқының сүйікті тағамдардың бірі – лахмаджунның дайындалу әдісімен таныстырады.

Қажетті өнімдер: 
- еленген ұн - 350 гр.; 
- ашытқы, тұз, қант -  әрқайсысы 1 шай қасықтан; 
- 1 стақан жылы су;  
- 1 ас қасық өсімдік майы;  
- қойдың немесе сиырдың туралған еті - 350 гр;
- қызанақ 
- тәтті бұрыш; 
- пияз; 
- томат пастасы, сарымсақ, аскөк, ақжелкен.  

Қамыр илеп, бір сағатқа жауып қою қажет.  Томат пастасына қызанақ пен тәтті бұрышты, пиязды  (жартысын), аскөк пен ақжелкен, сарымсақты қосып, блендермен езу қажет немесе ұсақтап тураған жөн. Дайын қоспаны туралған етке қосып, араластыру керек.  
Қамырды үшке бөліп, қалыңдығы 1,5 мм болатындай жаю қажет. Қамырға туралған етті жағып, тұмшапешке салып 10-15 минут пісіру керек. Дайын тағамға лимон шырыны мен аскөк сеуіп, орап, екі бөлікке бөлу қажет. 
     Астарыңыз дәмді болсын, дастарқандарыңыз қуанышқа жайылсын!