Chania
483
17.09.2020
«Бәріміз бірге болайық» жобасы: Абилхаировтар әулетінің шеберлігі

Бүгін Сіз бен Біз Арқалық қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Қалтаева Бақытжамал Аяғанқызының жаұясымен танысамыз. 
 «Біздің отбасымыз үлкен, тату және барлығымыз еңбекқормыз. Мен бес  баланың анасымын, он екі немере, жеті шөбере сүйіп отырған әжемін. Кесте тігіп, ұлттық ою-өрнектерді ойғанды  ұнатамын. Тәрбие процесінде жеке тұлғаның үйлесімді дамуына, оның шығармашылық жетілуіне ықпал ететін халықтық қолданбалы өнер элементтерін қолданамын, сонымен қатар халықтық өнер арқылы ұрпақтар сабақтастығы қамтамасыз етіледі, көркемдік талғамдар қалыптасады», - дейді ардақты ана, аяулы әже. 
Бақытжамал Аяғанқызының  қайын атасы Əбілқайыр Ержанұлы ағаштан түйін түйген, көрік басқан,темірден тұрмыстық заттар жасаған,теріден тон тіккен қолы алтын шебер болған.  Ұлы Отан соғысы жылдары ауыл тұрғындарын қажетті заттармен, киімдермен қамтамасыз етіп,ел-жұрттың құрметіне бөленген адам. Атасының тума таланты шөбересі Оразханқызы Арайлымға дарыған,  ол  кішкентайынан қолөнерге  құмар. Бөлмесін безендіріп, əшекей жасаған. Бүгінгі таңда Арайлым өз ісінің Һас шебері, ол моншақтар мен асыл тастардан ұлттық нақыштағы сырға, алқа, сəукеле, шашбау, шаш түйрегіш,  қапсырма, білезіктер жасайды. Қазіргі таңда Арайлым сіңлісі Гүлайымды ды өз ісіне тартуда.  Карантин кезінде отбасы мүшелері бірігіп, қолөнермен айналысуда, бір-біріңе көмектесіп,  бірегей бұйымдар жасайды. Бұл іс жемісін берер деген сенімдеміз.