Chania
409
18.08.2020
«Бәріміз үйде болайық» жобасы: Галлямовтар отбасының асханасы

Бүгін сіз бен біз татар, украин, неміс ұлт өкілдерінен құралған берекелі шаңырақпен танысамыз. 
Әулиекөл ауданында тұратын Галлямовтар жанұясы көпұлтты, сондықтан сан түрлі халықтардың ұлттық тағамдарын әзірлей алады. 


«Менің үш балам бар. Үлкен ұлымның жасы 23-те, қызым 18 жаста, кенже ұлым 3 жасқа толады. Біздің жанұямыз көпұлтты. Татар халқының учмучмагы, украин халқының сүйікті тағамы – борщ, неміс тағамы - штрудель және қазақ халқының ұлттық тағамы - бесбармақ  дастарқанымыздың шырайын кіргізеді. Бос уақытымда тәтті тағамдар даярлаймын.  Отбасымыздың сүйікті десерттерінің бірі – неміс халқының («Шварцвальдский лес») «Шварцвальд орманы» торты», - дейді Галина Галлямова.
Әулиекөл аудандық Аналар кеңесінің төрайымы, «Мектеп пен қоғамдастықты дамыту» ҚҚ-ның  басшысы Галина Николаевна сүйікті тағамының дайындау әдісін ұсынды. 


Тортты дайындау үшін: 160 г. ұн, 30 г. какао, 10 г. қопсытқыш, 5 жұмыртқа, 200 г. қант, 100 мл. сүт, 70 г. өсімдік майы; 300 г. шие, 100 г. қант, шие ликері, дәмдеуіштер, 500 г, кілегей,  60-70 г. қант ұнтағы қажет. 
Алдымен, жұмыртқаға қант пен бір шымшым тұз қосып, жақсы араластыру қажет.  Содан кейін сүт, өсімдік майын қосу керек. Қамырды екі бөлікке бөліп, 180 градусқа дейін қыздырылған пеште пісіру қажет. Дайын корждарды екіге бөлу керек, нәтижесінде 4 корж шығады. 
Содан соң  шиені 50 г. қантпен араластырып, отқа қойып,  шиенің қайнағаннан кейін електен өткізу керек. Дайын болған шие шырынына шие ликерін, сондай-ақ дәмдеуіштерді (даршын, қалампыр) қосуға болады.  Шырынға қалған қантты қосып, қайтадан қайнату қажет. Шырынды бөлме температурасына дейін салқындату керек. 


         Салқын кілегейге қант ұнтағын қосып, араластыру қажет. Әрбір коржға шие шырынын және крем жағып, тортты шиемен, ұнтақталған шоколадпен безендіру керек.