Құрбан Айт мерекесінің алғашқы күнінде игі іс жасауға бағытталған "Мың алғыс!" қайырымдылық акциясына қатысты.
"Еліміз індетпен күресіп жатқан қысылтаяң уақытта, сондай-ақ, ұлық мереке-Құрбан Айтқа орай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының және этномәдени бірлестіктердің өкілдері мұқтаж жандарға көмек көрсетті. Бір-бірімізді қолдап, бауырмал болуымыз қажет, әсіресе көмекке зәру жандарға қол ұшын созу керек, бұл біздің азаматтық борышымыз", - деді "Ахыска" түрік қауымдастығы төрағасының орынбасары Рагим Абилов.
Этномәдени бірлестіктердің белсенділері Қостанай ауданындағы көпбалалы және тұрмыс жағдайы төмен жанұяларға, сондай-ақ, Тобыл қаласындағы провизорлық орталықтың дәрігерлеріне азық-түлік жиынтықтарын және үй тағамдарын табыстады.