Chania
517
25.06.2020
Ата заң – елдіктің асыл тірегі

Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының өкілдері  Л. Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың қызметкерлері  ұйымдастырған «Конституция - адам құқығы мен бостандығының кепілі»  атты облыстық онлайн семинарға қатысты.


Аталмыш іс-шараға  қалалар мен аудандардың тұрғындары, Әділет департаментінің өкілдері  де қатысқан болатын. Биыл елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы аталып өтпек.


«Ата заңымыздың кіріспесінде «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз» делінген. Конституцияның 14-бабына сәйкес сот алдында жұрттың бәрі тең.

Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді кемсітуге болмайды. Біз - Қазақстан халқымыз,  мақсат-мүддеміз бір», - дейді Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының спикері, Қостанай облысының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Руслан Мырзағалиев.
Қатысушылар семинар барысында тәжірибе алмасты, ал Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының спикерлері сан түрлі ұлт өкілдерінің құқықтарын сақтауға бағытталған шаралар туралы баяндады.