Сіздің коронавирус індетіне шалдыққаныңыз туралы хабар әрбір қостанайлықтың қабырғасын қайыстырды. Сіз облысымыздың бірінші басшысысыз және Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының Төрағасысыз, Сіздің денсаулығыңыздың мықты болуы аймақ өмірі үшін өте маңызды.
Сіз еліміздегі және облысымыздағы күрделі кезеңге қарамастан тыңбай еңбектендіңіз: құрылыс нысандарын аралап, аудандардағы агрария саласының қызметкерлерімен кездесіп, төтенше жағдайға дейін жоспарланған мәселелерді шешуге тырыстыңыз.
Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы, Қостанай облысының «Қоғамдық келісім» КММ, барлық этномәдени бірлестіктер, жастар қанаттары, консультативтік-кеңестік органдар Сізге дертке төтеп беретіндей күш-қайрат тілейді.
Өмірге деген оптимистік көзқарасыңыз, медицина қызметкерлерінің кәсібилігі мен біздің қолдауымыз Сізге жігер берер деген сенімдеміз. Тез сауығып кетіңіз!