Мемлекет қауіпсіздігі ішкі істер органдары қызметкерлерінің қолында, қазақстандықтар олардың жұмысының арқасында ертеңгі күнге сенімді бола алады.
Полиция қызметкерлері болашақта да қоғам мен мемлекеттің мүдделерін, республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, өздерінің азаматтық және қызметтік міндеттерін абыроймен атқаратынына сенімдіміз.
Мемлекеттің күші оның қызметшілерінде. Мемлекеттік жобалар мен бағдарламалардың тиімді іске асырылуы көп жағдайда мемлекеттік қызметшілердің тәжірибесіне, елді өркендету, оның қауіпсіздігін сақтау жолындағы еңбегіне, сондай-ақ олардың кәсіби және жеке қасиеттеріне байланысты.
Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, барлық этномәдени бірлестіктердің, консультативтік-кеңестік органдардың, жастар қанаттарының атынан денсаулық, бақ-береке, толағай жетістіктер тілейді!