Chania
476
05.06.2020
Қазақстан халқы ассамблеясына 25 жыл

М. Дулатов атындағы Қостанай М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған онлайн-конференция өтті.
Іс-шараның  құрметті қонағы ретінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы  хатшылығының меңгерушісі Бибігүл Аққожина қатысты.


«Жақында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында этносаралық келісім - ішкі саяси тұрақтылықтың маңызды факторы, онсыз елдің тұрақты дамуы мүмкін емес екенін атап өтті. Қазақстандықтар шығу тегіне қарамастан өздерін бір халық, біртұтас ұлт деп санайды. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен сәйкес.

Қостанай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы 25 жыл ішінде мол ресурс жинақтады.  Оның ішіне ҚХА кафедралары да кіреді. 2014 жылы Қазақстанда М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы ашылған болатын.  Екі жылдан кейін Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы ашылды.  Қазіргі таңда  облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанында Медиация кеңесі, Аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі, Ғылыми-сараптамалық топ, Журналистер клубы және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы сынды 6 консультативтік-кеңестік  орган жұмыс істейді, 17 этномәдени бірлестік қызметін іске асырады.  


Өкінішке орай,  еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, Қазақстан халқы ассамблеясының  мерейтойына жоспарланған ауқымды іс-шараларды  ұйымдастыруға мүмкін болмады, дегенмен, біздің белсенділеріміз, ЭМБ пен ККО өкілдері  барлық акциялар мен онлайн-конференцияларға қатысуға тырысады. Біздің есігіміз әрдайым ашық, диалогқа дайынбыз» - деді хатшылық меңгерушісі.
Облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісінің сөзінен кейін қатысушылар  баяндамаларын оқыды. Спикерлер  Қазақстан халқы Ассамблеясының  мерейтойына және зайырлы қоғам мен жоғары руханиятты мемлекет қалыптастырудың жолдарына тоқталды.