Балалар күні құтты болсын!
Құрметті балалар! Құрметті ата-аналар!
Қостанай облысының Аналар кеңесі Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтайды! Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мол бақыт, шаттық, зор денсаулық тілейміз. Тәуелсіз еліміздің мақтанышы болыңыздар. Бейбіт елімізді көркейтуге үлес қосып, Мәңгілік елдің іргетасын қалаңыздар, ата-аналарыңыздың үміттерін ақтаңыздар!