Құрметті отандастар!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Бұл мереке – Қазақстан Қарулы күштеріне халықтың зор құрметін көрсетеді, ел тұрғындарының әскери қызметке сенімін нығайтып, азаматтық борыш пен әскери міндеттің мәртебесін арттырады.
Біздің тарихымыз шынайы патриоттық сезім мен әскери ерліктің, қайтпас қайсарлық пен батылдықтың үлгісіне толы.
Барлық уақытта мемлекет пен халық алдындағы борышын адал атқарып жүрген батырлар бейнесі ерекше мақтаныш пен құрмет-беделге ие.
Мыңдаған батырдың есімі халық жадында мәңгі сақталып қалды.
Отанды қорғау – құрметті міндет.
Төтенше жағдай жарияланған бүгінгі таңда да әскери қызметшілер еріктілермен бірлесіп, карантинге қарсы күресте өз бастарын қатерге тігіп, алдыңғы сапта жүр.
Құрметті Отан қорғаушылар!
Сіздерге шын жүректен бақыт, татулық пен келісім, амандық-саулық тілейміз. Әсіресе, сіздерді күтіп отырған отбасыларыңыз бен жақындарыңызды айрықша құттықтаймыз. Төрт көздеріңіз түгел болсын!
Мереке әрдайым бейбітшілік пен қуаныш алып келсін!
Қазақстан халқы Ассамблеясы