Chania
509
06.05.2020
Ардагерлерге деген құрметпен...

Қостанай облысының этномәдени бірлестіктері 45 ардагерді және тыл еңбеккерлерін келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады. 
Этномәдени бірлестіктердің төрағалары, жастар қанатының өкілдері мен еріктілер бізге бейбітшілік пен жарқын болашақ сыйлаған қаһармандарға жылы лебіздерін білдіріп, азық-түлік жиынтықтарын табыстады. «Шарк» тәжік-өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Эргашвой Холметов былтыр 95 жылдығын тойлаған атақты жерлесіміз, украин қауымдастығының мүшесі Дмитрий Яковлевич Брусникке ізгі тілегін, алғысын жеткізіп, сыйлығын ұсынды.
 Дмитрий Яковлевич Брусник майданға 1942 жылы аттанған, ол кезде он жеті жасар бозбала болатын. Оның 6 ордені, 19 медалі бар, олардың ішінде Курск шайқасынан кейінгі «Ерлігі үшін» медалі мен Отан қорғаудағы асқан ерлігі үшін ІІ дәрежелі Даңқ орденінің орны ерекше.
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған қайырымдылық акцияға «Асаба» қырғыз қауымдастығы, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі, «Дуслык» татар-башқұрт қауымдастығы және «Бирлик» әзірбайжан этномәдени бірлестігі қолдау танытты.