Chania
458
21.04.2020
Сергей Богатырев: «Әрдайым онлайн болсақ, карантин кедергі келтірмейді!»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзiнiң баяндамасында «вирус барлық мемлекеттерді сынауда» деп атап өткен болатын.. Сондықтан еліміздегі қалыптасқан жағдай мемлекетті ғана емес, жеке тұлғаны да сынауда, адамдар төзімділік, шыдамдылық, жауапкершілік, өзара құрмет, жанашырлық, мейірімділік сынды ең жақсы  қасиеттерін көрсете білуі қажет. Себебі ел игілігі өз қолымызда. 

Төтенше жағдайға байланысты мекемелер мен ұйымдардың көпшілігі онлайн жұмыс режиміне көшті. Халықтың көпшілігі жұмыссыз қалды. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайды ескере отырып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған немесе бейресми жұмыс жасаған азаматтарға 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем төлеу жөнінде тапсырма берді.  Себебі, біздің мемлекет қиын-қыстау кезеңге қарамастан, халықтың қамын ойлайды, сіз бен бізге көмектесу жолында аянып қалмайды! 
Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясының Медиаторлары жұмыстан шет қалған жоқ, медиаторлар дың барлығы онлайн режимінде қызмет атқаруда.

Қоғамдық медиаторлар қалаларда, аудандарда, жергілікті жерлерде қашықтықтан жұмыс жасауда, халыққа телефон арқылы онлайн кеңестер береді, әлеуметтік желілердегі ақпарат бойынша мониторинг жүргізеді, азаматтарға қалыптасқан жағдайды түсіндіріп, карантин мәңгілік болмайтындығын жеткізеді, халықтың үрейленуіне жол бермейді. 

Медиаторлардың пікірінше, карантин ұзаққа созылса, медиация рәсіміне сұраныс артады, өйткені халықтың жабық кеңістікте өмір сүруі, олардың жүріс-тұрысының шектелуі  психологиялық  тұрғыдан қиын. 

Сонымен қатар, көптеген азаматтар алдағы уақытта қаражатсыз қалмақ, себебі халықтың негізгі бөлігі еңбекақыдан еңбекақыға дейін жұмыс істейді, жалға берілетін пәтерлерде тұрады және несиелерін өтейді. Сондықтан, медиаторлардың алдында карантин аяқталғаннан соң қоғамдық дау-дамайларды болдырмау үшін, әсіресе отбасылық мәселелер бойынша және конфессияаралық келіспеушілік саласында  мазмұнды да маңызды жұмыс жүргізу міндеті тұр.

Медиация – тараптардың мүдделеріне нұқсан келтірмей, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында дау-дамайларды реттеу рәсімі.
Бұл келісім жасаудың ерікті процесі, бұл рәсімде жеңімпаздар мен жеңілгендер болмайды.
Медиация – дау-дамайлардан шаршаған халық үшін келіспеушіліктерді реттеудің ең тиімді тәсілі. Әрбір адам даулы жағдайлардың азайғанын қалайды, сондықтан, медиация мемлекет үшін қажетті және тиімді, дау-дамайларды шешетін құрал.  

Қазіргі ең басты міндетіміз – қиын-қыстау кезеңде дүрбелең тудырмау, орын алған төтенше жағдайдың оқиға - уақытша құбылыс екеніне сену. Біз бірлігіміз бен ынтымағымызды сақтап, азаматтық жауапкершілік танытсақ қана бұл сынақтан сүрінбей өте аламыз.
 
Сергей Богатырев, Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Медиация кеңесінің төрағасы