Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы аймақ тұрғындарына көмектесті, игі іске 20 млн-нан астам қаражат жұмсалды.
Этномәдени бірлестіктердің өкілдері Ассамблеяның #BizBirgemiz қайырымдылық акциясы аясында 233 жанға көмектесті. Еріктілер қаржылай көмек көрсетіп қана қоймай, медициналық мекемелерге қол ұшын созды. Олар зейнеткерлер мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тегін дәрі-дәрмек таратты. Елбасының үндеуіне құлақ асып, «Мәміле». Жағдаяттық қазақ тілі» онлайн сабақтар өткізу арқылы мемлекеттік тілді меңгертудеміз. Сондай-ақ, Ассамблея мүшелері COVID-19 вирусына қарсы әрекет жасау, карантиндік режимді сақтау және дерттің алдын алу шаралары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Бұл сан түрлі этнос өкілдерінің ерен еңбегі. Олар қиын-қыстау кезеңде халыққа қолдау танытып, қайырымдылық көрсетуде, күш-жігерін, қолындағы барын аямай мұқтаж жандарға гуманитарлық көмек жинап, таратуда.