Қазақстан халқы Ассамблеясы Еріктілер қозғалысы орталығының еріктілері қалалық емханалардың көмекшілеріне айналды.
Медициналық мекемелердің өкілдері еріктілерге Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен зейнеткерлерге тегін дәрі-дәрмек тарату жөнінде ұсыныс тастады.
- Бізге № 4 емхананың өкілдері қоңырау шалып, мұқтаж жандарға дәрі-дәрмек таратуымызды сұрады. Біз келістік, себебі елімізде және бүкіл әлемде коронавирустың жайылуымен байланысты келеңсіз жағдай орын алуда. Халыққа көмегіміз ауадай қажет болған кезде біз қарап отыра алмаймыз. Медицина қызметкерлерінің дәрі-дәрмектерді таратуға уақыты жетіспейді, ал емделушілер карантин аясында енгізілген шектеулерге байланысты емханаға бара алмайды. Біз, медициналық маска киіп, бүгін он мекенжай бойынша дәрі-дәрмек жеткіздік. Біз өз жұмысымызды ертең де жалғастырамыз, басқа емханаларға көмектесеміз, - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Еріктілер қозғалысы орталығының төрайымы Анастасия Пушкарева.