Chania
547
02.03.2020
Қостанай облысының этномәдени бірлестіктері қысты шығарып салды

Қыс мезгігілінің соңғы күні сібір және орынбор казактары қоғамдастықтарының өкілдері балаларды бейімдеуге арналған орталыққа барып, тәрбиеленушілермен бірге қызықты ойындар ойнады, оларға дәмді тағамдарын ұсынды. Бүлдіршіндер арқан тартып, шелекке қар салып, жарыса жүгірді. Содан кейін масленицаны өртеп, казак әйел-арулары дайындаған дәмі тіл үйірер құймақтармен қызыл күрең шай ішті.

Ал шұғылалы көктемнің алғашқы күнінде Қостанайда Масленица мерекесі аталып өтілді. Іс-шара барысында  Қостанай облысының орыс қоғамдастығы мен  «Раздолица» орыс, казак, славян әндерінің ансамблі өнер көрсетті.