Chania
611
03.02.2020
Ана – өмір, ана – бақ

Қостанай облыстық сібір казактарының қауымдастығы Аналар күнін атап өтті.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, түрік соғысында тоғыз мың татар мен түрік  Наур ауылын басып алған. Жорыққа шыққан казактар әлі оралмаған болатын, үйде тек қариялар, әйелдер мен балалар ғана қалған. Қариялар, жасөспірімдер, әйелдер қолдарына қару алып, жауға қарсы шыққан. Бір күнгі шайқастан кейін дұшпандар кері шегінуге мәжбүр болған. Наур ауылының әйел-аналары құрметке ие болған. Осыдан бері «Казак Ана күні» мерекесі тойлануда.  Жергілікті сібір казактары бұл мерекені бесінші рет атап өтуде.

«Эребуни армян бірлестігі ұйымдастыратын «Аналар күніне» қатысып, ерекше әсерге бөлендім, сондықтан қауымдастықтың белсенді мүшелеріне «Аналар күнін» ұйымдастыру жөнінде ұсыныс білдірдім. Олар мені қолдады», - дейді қауымдастықтың төрағасы, атаман Олег Шилов.  

 Олег Геннадьевичтің айтуынша, казак халқының ерлері әйелдерге онша назар  аудармаған. Отбасында ұл баланың дүниеге келуі нағыз мереке болып саналған, ал қыз бала туса оны «болашақ ана» деп, оны кесте тігуге, қайықта жүзуге, садақ атуға үйреткен, бойжеткендерді қажет болған жағдайда қаймықпастан туған жерін қорғауға дайын тұратын азаматша ретінде тәрбиелеген. Қазірде казак әйелдерінің құқықтары көп, алайда олар үшін жұбайының сөзі – «заң».

Іс-шара аспаздық байқаудан басталды. Әйел-аналар, арулар дәмі тіл үйірер тағамдар дайындап әкелген екен. «Бәліш – казак халқының дәстүрлі тағамы. Казак халқының дастарқанына көбіне балықтан жасалған тағамдар, каравайлар, кепкен жемістер қосылған бәліштер қойылады», - дейді іс-шара қатысушысы Наталья Цыс.

Барлық қатысушылар тағамдардан дәм татып, хош иісті шай ішті, ойын ойнады.  Арулар жүгіріп жүрген балаларды қуып жетіп, оларды ботқамен тамақтандырды. Іс-шара барысында садақ атудан жарыс ұйымдастырылды, себебі, әрбір казак мерген болуы тиіс. Мереке соңына қарай барлық қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді.

 Құрметпен
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ