Chania
604
27.12.2019
В кругу друзей

Облыстық Достық үйі мен «Эребуни» армян этномәдени бірлестігі өмірлік қиын жағдайға душар болған балаларға арналған бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері бұл мекемеде тұрып жатқан балаларға әрдайым  көмектесіп, әр мерекені қуанышқа толтыруға тырысады.  Бұл жолы олар балалармен бірге ән айтып, би биледі, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады, бүлдіршіндердің көздің жауын алатын киімдері мерекенің шырайын кіргізді. Іс-шараға пираттар, Санта Клаустар,  тіпті Алтын Адам да қатысты. Орталықтың кішкентай ханшайымдары мен ханзадалары мың бұрала би биледі. Аяз Ата мен Ақшақар барлық балаларға бірлестік тарапынан дайындалған жаңа жылдық сыйлықтарды табыстады.