Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің балалары үшін дәстүрлі жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырылды.
Танымал мультфильмдердің кейіпкерлері: Черепашка ниндзя, Олаф аққаласы, «Фиксиктегі» Нолик, «Мимишкадағы» Тучка қонжығы және жыл қожайыны Мини-маус балалардың көңілін көтеріп, оларды ғажайып әлемге бойлатты. Бүлдіршіндер Аяз атамен бірлесіп, орманда жоғалған бес асыл тасты іздеді. Оларды табу оңайға соқпады, балалар логикалық сұрақтарға жауап беруге тырысып бақты. Тапсырмалар арасында Қазақстан халқы Ассамблеясы ансамблінің кішкентай өнерпаздары ән айтып, би биледі. Достықтың арқасында сәбилер барлық асыл тастарды тауып, Аяз Атадан сыйлық алды. Іс-шара соңына қарай балалар сабынды көпіршіктермен ойнады.