Chania
1115
09.07.2018
"Мың бала" республикалық мәдени - ағарту жобасы туралы ақпарат

Жоба 2015 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасы бойынша жүзеге асырылады, әр түрлі этникалық топтардың мектеп жасына дейінгі оқушылары мен оқушыларына қазақ тіліне және мәдени ортаға енуге, мемлекеттік тілді үйренуге, қазақ тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын үйренуге мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты - әр түрлі этникалық топтардың балаларын  «Сиқырлы қалам» инновациялық әдістемелік кешенінің көмегімен «Тілдарын» жеделдетілген оқыту әдісі негізінде мемлекеттік тілді үйрету және басқа да алдыңғы қатарлы озық тіл  әдістемесін пайдалану.

«Мың бала» жобасының бағдарламасы «мәдени- тілдік сіңіру» халықаралық практикасының  тәжірибесін ескере отырып жасалынды. Қатысушылар мемлекеттік тілде кинофильмдер мен мультфильмдер көреді, шығармашылық жобаларды қорғайды, сахналық қойылымдарға қатысады, конкурстар мен байқауларға қатысады.

Жобаның міндеттері:

- қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту;

- қазақ халқының мемлекеттік тілді және мәдениетін біріктіретін рөлі негізінде жас ұрпақты әлеуметтендіру;

- мемлекеттік тілді оқыту әдістемелердің сапасын арттыру;

- балаларды тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары арқылы толеранттылық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

 Қостанай облысында Тілдерді дамыту басқармасының аймақтық тілдерді оқыту орталығының базасында жобаны іске асыру үшін тілдік мектеп ұйымдастырылды.

2017 жылы осы жобаның аясында облыста 11130 адамды қамтитын 448 іс-шара (оқыту семинарлары, тренингтер, интерактивті ойындар, фестивальдар) өткізілді. 2018 жылы жоба бойынша жұмыс жалғасады.