Chania
897
27.02.2023
«Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі

Төрағасы: Расим Абубакирович Абилов

Туған жылы: 18  қыркүйек 1985  жыл

Орынбасары: Рагим Абилов

ЭМБ тіркеу күнішілде  2016  жыл.

«Ахыска» жастар қанаты. Көшбасшы: Асанхан Абилов

Туған жылы: 21 қазан 1995  жыл

Негізгі жобалар: Этномәдени бірлестігі жас болғанына қарамастан, оның басшылары түрік мәдениет Күндерін жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырды.

Белсенділер алғыс Күнін,  халықтардың бірлігі Күнін, жыл сайынғы кавказ фестивалін, қалалық және облыстық іс-шараларын мерекелеуге қатысады.

Қысқаша ақпарат:

Өзіне түрік-месхетиндерді біріктірген  "Ахыска" түрік этномәдени орталығы облыстық Достық Үйінің ең жас бірлестігі болып табылады. Тағдырдың жазуымен, саяси қуғын-сүргіннің салдарынан осы этнос өкілдері өткен ғасырдың 40-шы жылдары Грузия (Месхетии) аймағынан негізінен, Қазақстанның оңтүстік аймақтарына жер аударылған болатын. Облыс бойынша 2018 жылдың қаңтар айына шамамен 1000 этникалық түрік-месхетиндер тұрады.

Қауым 2016 жылы шілде айында бірінші төраға Рамис Абузеитович Алиевтің бастамасымен құрылды, кейінірек ол төрағалықты  Расим  Абубакирович Абиловке табыстады.

Қауымның құрылғанына осыншалықты ұзақ уақыт өтпесе де,  қазірдің өзінде ЭМБ жастар қанаты қалыптасты, көшбасшысы Асанхан Абилов болып табылады. Қауымда "Горцы Ахыска" би ұжымы және "Кішкентай қыран" кіші құрамы (жетекшісі – Рагим Абилов) жұмыс істейді, бұл ұжымдардың негіздерінде әр түрлі ұлт өкілдерінің балалары  лезгинка және басқа да әдемі кавказ билерін үйренуге мүмкіншілік алады. Ансамбль қалалық және облыстық іс-шараларға қатысып, өз қатарларын жаңа бишілермен  толықтырып отырады.

Этномәдени бірлестігі бірлескен іс-шараларды өткізу және тәжірибе алмасу үшін Қазақстанның басқа да түрік қауымдарымен тығыз байланысты жолға қойды.