Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарын және «Жаңғыру жолы» РЖҚ өңірлік жоспарын іске асыру мақсатында Қостанай облысы бойынша «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның мүшелері 2021 жылдың бірінші тоқсанында сан түрлі
6 іс-шара өткізді, іс-шараларға 1000 адам қатысты.
Ағымдағы жылдың 26 ақпанында Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның мүшелері, Қостанай облыстық ҚХА-ның жанындағы Еріктілер қозғалысы орталығының еріктілері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің аулаларындағы қарды тазалауға бағытталған қайырымдылық акция ұйымдастырды. Игі іс-шараға «Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы», «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ атсалысты, нәтижесінде 13-тен астам ауланың қары тазартылды.
Сонымен қатар, Алғыс айту күні аясында Қостанай облысы бойынша «Жаңғыру жолы» РЖҚ төрағасы Р.Ж. Мырзағалиев және өңірлік штабтың көшбасшылары С. Түсенов, А. Пимичева, М. Третьяк, Р. Абилов Қазақстан халқы Ассамблеясының «Туған елге мың алғыс» атты республикалық челленджіне қатысып, белсенділік танытты.
Ағымдағы жылдың 15 наурызында Қостанай облыстық ҚХА-ның еріктілері, этномәдени бірлестіктердің құрамындағы жас көшбасшылар Наурыз мейрамын мерекелеу тұжырымдамасы аясындағы Табиғатты қорғау күніне орай орталық саябақта құстарға арналған үйшіктер мен жем салатын астаулар орнатты.
Еріктілер, өңірлік штаб белсенділері мен Қостанай қаласының Ардагерлер Кеңесінің ынтымақтастығы аясында өмірлік қиын жағдайға душар болған жандардың өтінімдері қабылданып, оларға атаулы көмек (үй ішін жинастыру, ауладағы қарды тазалау, азық-түлік сатып алу, көшеде бірге серуендеу) көрсетіледі.
Сондай-ақ, еріктілер сұхбаттық алаңдардың, форумдардардың, конференциялардың, ақпараттық-түсіндірме іс-шаралардың спикерлері болып табылады. «BILIM» - білім беру бағытының үйлестірушісі - Пимичева Анел Қостанай аудандық жастар ресурстық орталығының еріктілеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік сағат өткізді, «KELISIM» - медиация бағытының үйлестірушісі - Түсенов Санат аудан жастарына еріктілікті кеңінен насихаттау мақсатында оқушылар арасында еріктілікті дамытуға арналған әдістемелік сабақ өткізді.
БАҚ-да 15 материал жарияланды, оның ішінде 5 бейнесюжет, ресми сайттар мен облыстық баспасөз басылымдарында 10 материал жарық көрді.