Қазақстан Республикасындағы еріктілер жылы аясындағы іс-шараларды және «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның аймақтық жоспарын іске асыру мақсатында 2020 жылдың екінші тоқсанында Қостанай облысының «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның мүшелері сан түрлі форматтағы 9 іс-шара ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараларға 2730 адам қатысты.
Еліміздегі төтенше жағдайға (COVID-19 індетін алдын алуға бағытталған) байланысты Қостанай облысының «Жаңғыру жолы» РЖҚ аймақтық штабының және Қазақстан халқы Қостанай облыстық Еріктілер қозғалысы орталығының еріктілері «Біз біргеміз» атты республикалық қайырымдылық акцияға қатысып, белсенділік танытты.
Еріктілер медициналық мекемелерге көмек көрсету мақсатында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен зейнеткерлеріне тегін дәрі-дәрмек таратты. 19 наурыздан бастап еріктілер (сақтық шараларын сақтап) 250-ден астам мекенжай бойынша дәрі-дәрмек жеткізді.
2020 жылдың 23 сәуірінде Қостанай облысының «Жаңғыру жолы» РЖҚ аймақтық штабы «Қазақстан халқының бірлігі мен бауырластығы» атты онлайн-конференция өткізді. Іс-шараға Қазақстанның 7 аймағының өкілдері қатысты. Конференция барысында Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты Денис Качеев, «Жаңғыру жолы» РЖҚ төрағасының орынбасары Тимур Джумурбаев, Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам Кайрыев Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің шығу тарихына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жыл ішіндегі жетістіктеріне тоқталды. Іс-шара соңына қарай барлық қатысушылар «Миллионер» ойнын ойнап, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы негізгі заңдар мен тарихи фактілер жөніндегі білімдерін ортаға салды.
Қостанай облысының «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның мүшелері этномәдени бірлестіктермен бірлесіп 2020 жылдың 6 мамырында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған акцияға қатысып, Қостанай қаласындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне (45 адамға) азық-түлік жиынтықтарын жеткізді.
Қостанай облысының «Жаңғыру жолы» РЖҚ көшбасшыларының бастамасымен әлеуметтік желілерде «"Жеңіс өлендері» акциясы ұйымдастырылды, жеңіс күніне арналған өлеңдер мен шығармалардан үзінділер оқылды. Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының сайтына, ВК, фейсбук, instagram,одноклассники сынды әлеуметтік желілерге және Қостанай облысының «Жаңғыру жолы» РЖҚ аймақтық штабының (jangyrujoly_kst) ресми парақшасына 7 бейнеролик жарияланды.
7, 11 мамыр күндері «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның және Еріктілер қозғалысы орталығының белсенділері «Halyk» қайырымдылық қоры ұйымдастырған акцияға қатысты. Еріктілер күні бойы мұқтаж жандарға салмағы 52 кг құрайтын азық-түлік жиынтықтарын үлестірді. Іс-шара аясында Қостанай қаласының 1500 жанұясы азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, «Қоғамдық келісім» КММ-де ардагерлер арасындағы спорт шебері, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, профессор Ю.Я. Бондаренкомен бірлестікте дойбы ойыны ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты - жастарды шахмат, дойбы ойындарының мәдениетімен және бұл саладағы танымал спортшылармен таныстыру, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпазының тарапынан мотивациялық рух беру.
Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының студенттері (карантин жағдайында) «БИОВ» қауіпсіздік техникасы жүйесінің авторы Қуат Әмірмен 2 мәрте онлайн форматта кездесті. Іс-шараға еліміздің және көршілес мемлекеттердің спикерлері қатысты (http://kostdom.kz/ru/news/1180-assambleya-snova-onlayn).
Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасымен бірлестікте 2020 жылдың 24 сәуірінде ZOOM платформасында «Қазақстан бірлігі халық достығында» атты онлайн-дәріс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты - әлеуметтік желілер арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру және даулы мәселелердің оңтайлы шешімін табу. Іс-шара барысында Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, белгілі саясаттанушы, Парламент Мәжілісінің экс-депутаты, Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты В. Вишниченко, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі» ЖШС директоры Нұрбек Әбдібеков, белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, кәсіпкер, ментор Абдуссаламов Р.А., «АгромашхолдингKZ» АҚ-ның бірінші вице-президенті, 2019 жылы өткен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Шүкіжанова Д.А., WorldSkills International халықаралық сертификатталған сарапшысы,
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқытушысы Саидов А.М. сынды спикерлер баяндамаларын оқыды. Қатысушылар жетістікке жету жолымен бөлісіп, жастарға үлгі көрсетті, «халықтар достығы – жарқын болашақтың кепілі» деп, ынтымақ пен бірлікті сақтау қажеттігін жеткізді.
Екінші кездесуге А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері, еріктілер қозғалысы орталығының еріктілері, жастар қатысты. Онлайн-платформада спикерлер, оның ішінде Ресей Федерациясының өкілдері өзара тәжірибе алмасып, маңызды жобаларды талқылап, жетістікке жетудің қыр-сырларымен бөлісті.
Бұқаралық ақпарат құралдырында 81 материал жарияланды, оның ішінде бейнесюжет - 5, ресми сайттардағы және облыстық баспа басылымдарындағы жарияланымдар - 76.