Chania
968
12.07.2021
"Ұлы дала ұрпақтары" қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Жакып Калкаман

Туған жылы: 1 мамыр 1946  жыл

ЭМБ тіркеу күні:  наурыз  1990 жыл

Жастар қанаты. Көшбасшысы: Олжас Дуйсеков

Туған жылы: 25 сәуір 1991 жыл

Негізгі жобалар: Жыл сайын қоғамдық қоры этномәдени бірлестіктер өкілдерінің арасында "Қазақшаңыз қалай?" атты  мемлекеттік тілді білу сайысын өткізеді. Қазақ мәдениеті Күніне арналған іс-шаралар дәстүрге айналды деп айтуға болады. Бұл күндері қазақша әуендер, халық әндері, домбыра пен  қобыздың үндері, ежелгі аңыздар негізінде дала салт-дәстүрлерін баяндайтын кең жайылған дастарханмен театрландырылған көрініс ұйымдастырылады.

Бірлестік белсенділері алғыс Күнін, халықтардың бірлігі Күнін, қалалық және облыстық іс-шараларын мерекелеуге қатысады.

Қысқаша ақпарат: Қоғамдық қор құру идеясы Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернатының директоры Б.К  Купешев басқаратын құрметті ақсақалдар мен бастамашыл топ мүшелерінің ұсынысымен 1990 жылдың наурыз айында пайда болды. Содан кейін төраға қызметіне Сағындық Мұқашұлы Урынтаев кірісті, кейінгі жылдары да ол ҚҚ  тұрақты жетекшісі болды. Сағындық Мұқашұлы - Қазақстан халқы Ассамблеясының байырғы мүшелерінің бірі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, ҚР жазушылар Одағының мүшесі және білім беру ісінің үздігі.

Бүгінгі күні қоғамдық қорының басшысы Жақып Қалқаман Хасенұлы - көрнекті ғалым, белсенді азаматтық ұстанымы бар азамат, қоғам қайраткері, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы  ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі.

Қалкаман Хасенұлының  келуімен мектеп оқушыларына, жоғары және арнайы орта білім алып жүрген студенттерге, жұмыс істейтін жастарға ашық сабақтар, дәріс, диалог алаңдары, кездесулер, дөңгелек үстел  жұмыстары  жиі өткізіліп тұратын болды.

Дәрістерде, диалогта аудитория  қызығушылықпен белсенділік танытады, қазіргі өскелең ұрпақ туралы айтылған өзекті мәселелер, жастардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру жалпыұлттық "Мәңгілік Ел" идеясын  іске асыру жолдары талқыланады.

Қалкаман Хасенұлының бастамасымен Торғай жерінен шыққан атақты да, әйгілі   тұлғалардың құрметіне арналған жеңілатлетикалық жүгіріс, этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылады. Жақып қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылық қызметін зерделей отыра, "алтынсаринтану" бойынша үлкен зерттеу жұмысын жүргізуде.  

Ресей өңірлерінің шекара маңындағы  Орынбор, Челябі және Қорған облыстары қазақтарының  қоғамдық бірлестіктерімен, басқа да қазақ орталықтарының өкілдерімен мәдени байланыс нығайып келеді. Мысалы, белгілі меценат, бизнесмен, ауыл шаруашылығының ардагері, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің кавалері, "Шолақсай-1" ЖШС директоры, Умурзак Ихтиляпов көптеген жылдар бойы өте белсенді түрде Қорған қаласының қазақ диаспорасына көмектесіп келеді. Әр түрлі уақытта, ол қорғандықтарға  медресе мен мешіт, Богоявленский шіркеуін тұрғызуға көмектесті. Осы қайырымдылық көмегі үшін Умурзак Бекдельдиновичті Зауралья халықтар Ассамблеясы алтын медальмен марапаттады.

Өткен жылдар ішінде қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін сақтау және насихаттау боыйнша көптеген жұмыстар атқарылды.

 Бірлестіктің белгілі өкілдері – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бұрынғы меңгерушісі Багытур Әлімбайұлы Дәндібаев, Гульвира Кудайкулова,  облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама тобының төрағасы Алимжан Бекмагамбетов, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Еркін Әбіл, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қостанай әлеуметтік білім колледжінің  басшысы Марьяш Тлеугабыловна Кадралинова.