Chania
313
08.10.2020
Представители областной АНК оценили статью Елбасы о наследии Абая Денис Качеев: «В юбилейный год мыслителя, мы снова обращаемся к духовному наследию…»

 - Вчера была опубликована статья Первого Президента Нурсултана Назарбаева «Духовное завещание Абая». В данной статье проводятся параллели между духовным наследием поэта и мыслителя и развитием Казахстана в период обретения независимости. Подчеркивается непреходящая ценность мыслей Абая для воспитания подрастающего поколения и формирования гражданской ответственности. Особенную актуальность имеют размышления Елбасы о необходимости сохранения межэтнического согласия, особенно на фоне обострения мировой политической обстановки. Веско звучат слова Нурсултана Абишевича в поддержку Ассамблеи народа Казахстана, ее необходимости и той высокой миссии, которую она исполняет уже четверть века. В юбилейный год мыслителя, мы снова обращаемся к духовному наследию, к источнику мудрости, который может послужить нам опорой в это нелегкое время.
Денис Качеев, член научно-экпертной группы областной АНК, кандидат философских наук, доцент кафедры философии КГУ им. А. Байтурсынова

Айтжан Кішкентаева: «Абайдың ұрпаққа ұсынар бағыты – адамгершілік жолы»
- Абай атамыз «Отыз сегізінші қара сөзінде»: «Құдай тағала дүниені кәмалатты шеберлікпен жаратқан һәм адам баласын өссін-өнсін деп жаратқан. Сол өсіп-өну жолындағы адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды – әуелі дос көбейтпек. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшінші – залымдық » деген.
   Абайдың ұрпаққа ұсынар бағыты – адамгершілік жолы. Ақын өзінің көптеген шығармасына «адам бол» деген этикалық принципті арқау етеді. Абай «адам» деген ұғымды кең де терең түсінеді. Ойшыл ақынның түсінігінде адам – ақылдылық пен еңбек сүйгіштіктің, әділдік пен білімділіктің, махаббат пен адалдықтың жиынтығы. Осы қасиеттерді бойына сіңірген кісі нағыз Адам дейді.
 Өз мақаласында Елбасы Н.А.Назарбаев халықтың құндылықтары ол салт – дәстүріміз, әдет – ғұрыптарымыз бен наным – сенімдеріміз, еліміздің тарихы мен тарихи тұлғалар екеніне көз жеткізді.
 Абайдың есімі жер жүзіне танымал. Абай- дана. Абай- дара. Тарихта есімін қалдырған адамдар шынымен нағыз Тұлғалар деп айтуға болады. Ал Елбасының тарихта қалатын басты ісі- ол Семей полигоның жабуы. Семей жері- киелі мекен, ұлы Абайдың туған елі. Мақаланы оқу барысында терең мағыналы пікірлер айтылған. Мүмкін тарихи тұлғалар бұл дүниеге маңызды шешімдерді қабылдау үшін, өмірді өзгерту үшін және жалпы айтқанда бекер келмеген шығар деген ой туды...
Айтжан Кішкентаева, Қостанай облысы Аналар кеңесінің мүшесі

Анель Пимичева: «Мақалада ел бірлігі, ұлт татулығы туралы терең мағына бар»
 - Күні кеше, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласы жарияланды. 
Абай Құнанбайұлының бейнесін ескінің соңы мен жаңаның басын жалғаған алтын көпір ретінде сиппаттай отыра, Елбасы Абай әлеміне апарған жолдың қайнар көзін еске алады. Қазақ даласындағы ағартушылықтың негізін қалаушы Дана Абайдың қалдырған құндылықтарын түсіну кезеңдері туралы егжей-тегжейлі баяндай отыра, өзінің өмір жолында көмектескен рухани мұраны бағалаудың маңызын айқындайды. 
Мақалада ел бірлігі, ұлт татулығы туралы терең мағына бар. «Біз де бүгін ұлтішілік татуластыққа да, ұлтаралық татуластыққа да, әлемдегі барлық ел, барлық халықтармен ынтымаққа да, мәдениеттер арасындағы сабақтастыққа да Абайша қарап, Абайша қастерлеуге ерекше мән береміз», –деген Н.Ә. Назарбаевтың сөздері, осы қағида – әрбір азаматтың өмірлік ұстанымымның бірі болатынына кәміл сенемін.
Анель Пимичева, Қостанай облысы бойынша «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысының белсенді мүшесі