Chania
225
29.11.2021
Мәңгілік естелік

Қостанайлық поляктарға қуғын-сүргіннің басталғанына 85 жыл толуына орай  естелік белгілер табыс етілді.
Қазақстандағы Поляктар  одағы Польша Республикасының Нұр-Сұлтандағы Елшілігінің қолдауымен  Украина жеріндегі поляктардың Қазақ  еліне еріксіз қоныс аударғанына 85 жыл толуына  орай  іс-шара  ұйымдастырды. 


Поляктар одағы тарихта болған қайғылы оқиға ұмыт қалмас үшін естелік белгі жасады, сондай-ақ, қауымдастықтың аға буын өкілдеріне және белсенді мүшелеріне  қаржылай көмек көрсетті, ақшалай сыйақылар мен азық-түлік жиынтықтарын ұсынды.
«Мұндай белгі  қауымдастық мүшелеріне және осы тақырып аясында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, еңбектерін жариялап жүрген А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Легкий Дмитрий Максимовичке табысталды», - деді «Nadzieja»  поляк қауымдастығының төрағасы Виктор Радомский.